Абай облысыТОП
Семей қаласында 3 шақырымға жүгіру өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында қалалық деңгейде 3 шақырымдық жүгіру өтті.
Жарыс Абай мұрасын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа 100-ден астам кәсіби және әуесқой спортшылар қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш санатта жүлделі орындарға ие болды:
– 18-35 жас;
– 36-49 жас;
– 50 жастан жоғары.
Жарыс жеңімпаздары қала әкімдігі атынан арнайы дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.