Абай облысыСемейСпортТОП

Абай облысында қазақ күресінен республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық палуан қатысуда. Чемпионат жасөспірімдер мен ересектер арасында ұйымдастырылды.

Жарыс барысында әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша үздік палуандар анықталып, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.

– Турнир өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Бүгін спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда. Жалпы, елімізде спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға рахмет, – деп атап өтті Қазақ күресі ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен, кубоктармен, медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен және қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады. Атаулы жарыс 3-6 тамыз аралығында жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button