Абай облысыКриминалТОП

76 жастағы «көмекші» алаяқ болып шықты

Семей қалалық полициясына 68 жастағы зейнеткер әйел жүгінді. Ол 2024 жылдың қазан айында несие рәсімдеуге көмек беремін деген уәдемен Қазбек есімді азаматқа 100 000 теңге бергенін хабарлады.

Алайда ақша алғаннан кейін ол азамат байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 76 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындап, ақшаны жаратып жібергенін айтты. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді:

Несие мен басқа да қаржылық қызметтерге байланысты мәселелерді бөгде адамдарға сеніп тапсырмаңыздар.

Барлық банктік операцияларды тек ресми мекемелер арқылы жүргізіңіздер.

Күмәнді жағдай туындаған кезде бірден полицияға немесе «102» нөміріне хабарласыңыздар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button