Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Абай облысында сотталғандармен киберқауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс өткізілді

Абай облысы Полиция департаменті Киберқылмыстарға қарсы күрес іс-қимыл басқармасы қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен түсіндіру дәрісін өткізді.

Іс-шараның мақсаты — цифрлық сауаттылықты арттыру және интернет-технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқықбұзушылық схемаларына тартылудың алдын алу.

Полицейлер кең тараған киберқылмыстардың түрлері, әлеуметтік инженерия әдістері, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қатысу, жалған аккаунттарды пайдалану және цифрлық кеңістіктегі өзге де құқыққа қарсы әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді.

Дәріс барысында жеке деректердің қауіпсіздігіне және мобильді құрылғылар мен мессенджерлерді қолдану кезіндегі сақтық шараларына ерекше назар аударылды.

Бұл дәріс — сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру бағытындағы, оларды заңға бағынатын азамат ретінде қоғамға қайтаруға арналған кешенді жұмыстың кезекті бір қадамы болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button