Абай облысыКриминалТОП
Полиция алаяқтық әрекетті тоқтатты: 300 000 теңгеге сатылған жұмыс иллюзиясы

Семейде күтпеген финалы бар қылмыстық оқиға орын алды: тұрақты жұмыс іздеген 23 жастағы қала тұрғыны 300 000 теңгесін алаяқтың қолына ұстатып, сан соғып қалды.
Оқиғаның басты кейіпкері – өзін «Молдир» деп таныстырған әйел. Ол 2024 жылдың қазан айында жәбірленушіні жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаражат алған. Алайда бұл «қойылымда» ешқандай бос жұмыс орны болмаған, ал ақша алаяқтың қалтасына түскен.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әйел өз кінәсін мойындағанымен, жымқырған қаражатты қайтару мүмкін болмады – ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.