ОқиғаТОПШҚО

Өскеменде бес автокөлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Semey News.

11 маусым күні, сағат 17:25 шамасында Меновное кентінде Ярославский көшесі бойында 31 жастағы SKODA автокөлігінің жүргізушісі бекітілген жылдамдықты сақтамай ГАЗ-3110, TOYOTA, MAZDA, SUZUKI көліктерімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және бір жолаушы медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

 

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button