СемейСпорт

Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті

Семей қаласында классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылуына қала әкімі Талғат Мұратов қатысты. Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев қала әкіміне спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Ұлттық Пауэрлифтинг Федерациясының төсбелгісін табыстады.

Чемпионатқа 80 спортшы қатысты. IPF ережесіне сәйкес классикалық пауэрлифтингтен 4 спортшыға және жатып штанга көтеруден 1 спортшыға спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді.

Бұл чемпионат тек үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік емес, сонымен қатар қиындықтарға қарамастан үздік нәтижелерге жету үшін табанды еңбек етіп жүргендерге қолдау көрсету. Біз жас спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және қаламыз бен облысымызда спорттың дамуын одан әрі қолдаймыз, – деді қала әкімі.

Турнир барысында 3 дүркін Азия чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Петр Мельниковқа қала әкімі пауэрлифтингке арналған тізе қап табыс етті. Спортшы балалар үйінің тәрбиеленушісі, чемпионатта 74 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында өнер көрсетіп, облыс чемпионы атанды.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталары мен медальдарымен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button