
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Гагарин Бульварындағы жөндеу жұмыстары шартқа сәйкес 15 маусымда аяқталуға тиіс еді. Мұнда асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға шақ қалды. Алайда пандустар мен кірме жолдарды жайластыруға қатысты мердігерге қойылатын бірқатар кінәрат-талаптар бар. Кәсіпорын бұл ескертулермен келісіп отыр және де жұмыстар аяқталғанға дейін олқылықтарды түзетуге міндеттелді, – дейді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, Сейфуллин көшесіндегі жұмыстар да жақын арада аяқталады екен. Жаңа мектепке апаратын жол – Ахмер кентіндегі асфальт төселген алғашқы жолдардың бірі. Бұған дейін онда тротуар жасалып, көше жарығы орнатылған болатын. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта ықшам ауданындағы жолдарды асфальттау бойынша шаралар жалғасын табады.
Semey News



