Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет

Абай облысының полициясы автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

Мақаншы ауданында Абай облысы полиция қызметкерлері «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті ұрлаған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді. Көлік 26 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болып, үйінің алдында тұрған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік табылып, 38 жастағы Мақаншы ауылының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты көлік құралын заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу кезінде оған келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Абай облысының полициясы азаматтарға автокөлік ұрлығының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button