Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады.
«Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС – мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.
Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден босатылуда.
Күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.
Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.