Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет

Көкпекті ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді

Көкпекті ауданының экономикасында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда ауданда 1280 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

ШОБ субъектілерінің жалпы санының 6,2% (79 бірлік) заңды тұлғаларға, 39,2% – ы (502 бірлік) – жеке кәсіпкерлерге, 54,6% – ы (699 бірлік) – шаруа қожалықтарына тиесілі. Шағын кәсіпкерлік саласында 2900 адам жұмыспен қамтылған.

Аудан тұрғындарына 20 қоғамдық тамақтандыру, 125 дүкен, 1 базар, 7 дәріхана, 5 наубайхана, 2 жанармай құю станциясы, 4 қонақ үй, 9 шаштараз және 2 компьютерлік орталық қызмет көрсетеді. Сондай – ақ 5 техникалық қызмет көрсету станциясы, 9 дөңгелек жөндеу цехы, 2 сақтандыру агенттігі, жолаушылар және жүк тасымалдау қызметтері, нотариаттық кеңселер, ветеринарлық клиникалар, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, жиһаз және пластик терезелер шығаратын цехтар жұмыс істейді, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Байсенгиров.

Экономика секторында жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. 2024 жылы ауданда екі ірі инновациялық жоба іске қосылды. Солардың бірі – сүт-тауарлы фермасын кеңейту. Жоба 18 сауу жабдығын орната отырып, ферманың қуатын 1000 басқа арттыруды қамтиды. Күнделікті сүт өндірісі 30 тоннаға дейін, ал жылдық сүт өндірісі 15000 тоннаға дейін артады. Жобаны жүзеге асыру үшін Германиядан 476 млн теңгеге 349 симменталдық асыл тұқымды нетель әкелінді. «Eastern Gold» ЖШС қажетті инфрақұрылымы бар Доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны – 1100 млн теңге. Кәсіпорын жылына 200 мың тонна кен өндіруге қауқарлы.

Ауданда 2024 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты қатысушы жалпы сомасы 8,8 млн теңгеге грант алды. Аз қамтылған отбасыларға 3 грант, көп балалы отбасыларға 2 грант, мүмкіндігі шектеулі адамға 1 грант берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button