Covid-19ауылшаруашылығыВизитВыборыДень ПобедыКриминалМӘМСМирНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНазначениеНОВОСТИ ДНЯСаясатПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПроисшествияПрофилактикаСемейТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкіметЭкономика

Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы авариялық жағдай туралы ақпарат

2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына «Семей Водоканал» МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында орын алған.

Аварияны жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды.

2025 жылы 17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) су қосылмады.

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button