Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет
Абай облысында заңсыз атыс қаруы тәркіленді
Қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Үржар ауданында заңсыз қару сақтау дерегін анықтады. «Hyundai Sonata» автокөлігінің салонын тексеру кезінде тіркелмеген, бөлшектелген травматикалық тапанша табылды.
Аталған дерек бойынша атыс қаруын заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады.
Абай облысының полиция департаменті азаматтарға қаруды тіркеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау міндетін қатаң түрде ескертеді. Осы талаптарды бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.