Семейде 15000 теңге үшін түрмеге тыйым салынған заттар лақтырмақ болған азамат ұсталды
Семей қаласының #19 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге 5511 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі белгілі бір аумақты патрульдеу барысында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған Ж. азаматын ұстады.
Тексеріс барысында ер азамат түрме ішіне “Орро” маркалы смартфон мен usb cымын және SIM карта салынған роутерді лақтырмақ болған.
Ұсталған азаматтың тыйым салынған заттары жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, күзет бөлмесіне тапсырылды. Күдіктінің айтуынша, оның түзеу мекемесіне тоғытылған танысы болмаған. Ол таяуда қаладағы кафелердің бірінде бейтаныс адаммен танысқан. Кафеде жолығушы түрме ішіне телефон мен роутерді лақтыруға қолқа салып, ақысына он бес мың теңге ұсыныпты.
ҚР ҰҰ “Шығыс” ӨңҚ баспасөз қызметі