ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Мигрант» ЖАІІ жүргізудің алғашқы төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 464 шетелдік (ҚР ӘҚК 517-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 21 тұлға ҚР аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, полиция органдарына оларда шетелдіктердің болғанын хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының 192 азаматы, уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 26 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде екі елдің азаматтығы бар болуының 3 факті анықталды. 10 маусымда Шемонаиха ауданының көші-қон полициясы қызметкерлерімен құжат тексеру барысында Ресей Федерациясының азаматшасы тарапынан жеке куәлікті пайдалану фактісі анықталды.
- Әйел адам 2020 жылғы қазанда көрші елдің азаматтығын алған және Қазақстан Республикасына кіруде Қазақстан Республикасы азаматының құжатын пайдаланған. Осылайша азаматтық туралы заңнаманы бұзды. ҚР ӘҚК 496-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды, – деді ШҚО ПД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Осындай заң бұзушылық Риддер қаласының екі түрғыны тарапынан орын алды, екеуі де айыппұл төлейді. Шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелді.
Semey News



