
ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын. Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады. «Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Semey News



