Абай облысы

Аймақ басшысы Аягөз ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін, «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады. 2003-2004 жж. – «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері. 2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы. 2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы. 2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы. 2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы. 2018-2019 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары. 2019-2021 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы. 2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 2022 – 2023 жж. Семей қаласы әкімінің орынбасары.

Тағайындалғанға дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы болған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button