Мирный және Дальняя кентіндегі арықтарды тексерді
Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен және қалалық ТЖБ өкілдерінің қатысуымен Мирный және Дальняя елді мекендеріндегі арық-науа жүйесінің жағдайын тексеру мақсатында көшпелі жұмыс кеңесі өткізілді.
Көшпелі кеңес барысында арық жүйелерінің ең проблемалы учаскелері зерттеліп, қалалық ТКШ бөлімі мен қызмет көрсетуші мердігер ұйымға осы жүйелердің сапасын жақсарту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Алдағы 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде тасқын сулардың қаупін азайту мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тапсырылды.