Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті
Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Президент шыршасы өтеді. Семейде бұл мерекеге облысымыздың 200 оқушысы қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Дәстүрлі Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу, спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жеткен дарынды оқушылар шақырылды.
Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев балаларды мерекемен құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді.
Балаларға театрландырылған қойылым сахналанып, аниматорлар мен балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуімен шарада ерекше атмосфера орнады.
Шыршаға қатысқан әр балаға ел Президенті атынан 120 000 теңгенің сертификаты, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар жиынтығы тарту етілді.
Сонымен қатар, облыстың бес оқушысы «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы «Жаңа жыл Республика төрінде» атты президенттік шыршасына қатысуда.