Абай облысы

Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен Абай облысында шағын және орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қарқынды жүзеге асырылуда

Осы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің саны 54 380 құраса, оларда 103 952 адам жұмыс жасайды екен. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді.

– Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда айналым көлемі 336 млрд теңгеге жетіп, оның өсімі өткен жылмен салыстарғанда 9%-ға ұлғайды, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Рүстем Ворошилов Абай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,3 %-ды құрағандығын атап өтті.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін магазиндерден, базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды қарайтын 252 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2022 жылы Үкімет резервінен өңірлік тұрақтандыру қорын жасау үшін 2 млрд теңге бөлінді. Соның 1,3 млрд теңгесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына форвардтық шарттар жасалды, – деп атады спикер.

Ағымдағы жылы облыстағы өнеркәсіп орындары 1,8 трлн теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарған. Бұл Республикалық өндіріс көлемінде 4 % құрап, былтырғы жылғы қаңтар-қараша ай аралағындағы деңгейіне қарағанда 100,2 % деп бағаланыпты.

– Облыстың өнеркәсіп өндіріс құрылымында ең үлкен үлес салмағы (69,2%) тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға тиесілі. Осы жылы өңдеу өнеркәсібі қаңтар-қарашада 495 млрд теңгеге өнім өндірді. Өткен жыдмен салыстырғанда 98 %-ды құрады. Машина жасауда 16 %, тамақ өнімдерін өндіруде 4 % көбею байқалды, -деп қорытындылады Рүстем Ворошилов.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button