Абай облысы

Облыста ветеринария саласы бойынша 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда

Өңірде 1 сәуірден бастап ветеринариялық-санитариялық сараптама модулінің серпінді жобасы іске қосылған. Бұл туралы Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда ветеринариялық-санитариялық сараптама модулі іске асырылуда. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR-кодты іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру процесін автоматтандыру функционалын қамтиды. Бұл шара сою алдындағы ветеринариялық тексерусіз және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізудің алдын-алуға бағытталған, -деп атап өтті басқарма басшысы.

Облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 10 аудан мен 2 қалада 131 ветеринариялық пункттермен жасақталған 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда. Әр мекеме бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы профилактикалық егу мен диагностикалық зерттеу іс-шараларын жүргізеді.

– Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық алдын-алу және диагностикалық іс-шараларды 778 ветеринариялық мамандар жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 88 831 – ветеринариялық анықтамалар, 285 846 ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша 1 594 мемлекеттік қызметі көрсетіліп, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін – 2 дана лицензия берілді,- дейді Ержан Барышев.

Сонымен қатар, Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше жабайы иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін 2024 жылға барлығы 96 091,0 мың теңге қарастырылған. Осыған сәйкес 11 айда – 65,346,0 мың теңге игеріліп, 10 891 ит пен мысық ауланыпты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button