Абай облысыТОП

Абай облысында жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасын Қытай Халық Республикасымен байланыстыратын жолаушылар терминалы ашылды

2024 жылғы 6 желтоқсанда Абай облысының мемлекеттік шекарасының Қазақстан – Қытай учаскесінде орналасқан “Бақты” кеден бекетінде уақытша жолаушылар терминалы іске қосылды, ол “Бақты” өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жарақтандыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады және туристерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен екі ел арасындағы шекарадан өтуге мүмкіндік береді.

Айтакетукерек, бұған дейін жеке тұлғалардың туризм мақсатында шекарадан өтуге мүмкіндігі болмаған, өйткені терминал тек жүк көлігін өткізу үшін жұмыс істеген.

Уақытша терминалды іске қосудың артық шылығы-қазақстандықтар ҚХР-ға келіп, арнайы халықаралық жолаушылар тасымалына рұқсаты бар автокөлікпен кіре алады. Сонымен қатар,терминал барлық жолаушыларүшін мемлекеттік шекарадан ыңғайлы және қауіпсіз өтуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ кедендік бақылау процессін жеделдетеді және күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте ҚХР-дан жеке пайдалану үшін әкелінетін багаждың салмағы “Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы “Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес айына 25 кг-нан аспауға тиіс.

Терминалды іске қосу Мемлекеттік кірістер Комитетінің ҚХР өкілдерімен үйлесімді жұмысы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button