8 желтоқсан күні сағат 20:30 шамасында Қаржаубайұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк тиегіш көліктің жүргізушісі мас күйінде рөлге отырып, бұрылу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбеген. Нәтижесінде, ол LADA Priora автокөлігімен соқтығысқан. Соққының күшінен LADA Priora бақылаудан шығып, Дулатұлы көшесінен шығып келе жатқан Lexus автокөлігімен қақтығысқан.
Жүргізушінің жауапсыз әрекетінің салдары ауыр болды. LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары орташа дәрежедегі жарақаттар алып, медициналық көмек көрсету үшін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Жүк тиегіш көліктің жүргізушісіне қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзудың және адам денсаулығына зиян келтірудің фактісі бойынша досудьялық тергеу басталды.
Бұл жағдай тағы да көрсетіп отыр: мас күйінде рөлге отыру – тек өз өміріңізге ғана емес, жолдағы барлық қатысушылардың өміріне үлкен қауіп.