Сайлау

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бақылауда болады – Шалқар Байбеков

№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Шалқар Байбеков халықпен тығыз байланыс орнату және өзекті әлеуметтік мәселелерді зерттеу мақсатында базарларға барып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына бақылау жүргізді.

Шалқар Байбеков сауда орындарын аралау барысында жергілікті кәсіпкерлермен және сатып алушылармен әңгімелесіп, азық-түлік бағасының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлармен танысты. Ол тауарлардың сапасы, жеткізілуі және бағаларына қатысты тұрғындардың пікірлерін тыңдап, олардың сұраныстарын ескерді.

Сонымен қатар, үміткер азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Ол бұл бағытта мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі туралы айтып, бағаны тұрақтандыруға арналған нақты шараларды енгізуді өз бағдарламасының басымдықтарының бірі ретінде атап көрсетті.

Бақылау барысында Шалқар Байбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің кейбір позициялары бойынша бағаның негізсіз өсуін байқап, бұл мәселелерді тиісті органдармен бірлесіп қарастыратынын айтты. Әлеуметтік әділеттілік пен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету оның депутаттық міндетінің ажырамас бөлігі болатынын атап өтті.

Базарлардағы жұмысын қорытындылай келе, Шалқар Байбеков азық-түлік бағасын бақылау және қолжетімділігін арттыру бағытындағы тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын тиісті деңгейде жеткізіп, олардың шешімін табуға ықпал ететінін уәде етті.

*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ш. Байбековтің сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button