Абай облысыТОП

“Birgemiz: Asyl мura”

Ғасырлар қойнауынан келе жатқан тарихи-мәдени жәдігерлерді қорғау, оларды есепке алу, зерттеу және насихаттау жұмыстары бүгінде аса маңызды. Себебі, келер ұрпаққа руханият дүниесін сіңіру ұрпақ алдында борыш һәм парыз. Материалдық мәдениеттің археологиялық түріне жататын сан алуан ескерткіштерді халық игілігіне жаратудың қажеттілігі елімізде қолға алына бастаған және үлкен мән беріліп отырған ішкі және сыртқы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.


Мәдени ескерткіштерді еліміздің әр өңірі бойынша есепке алып, оларды жан-жақты зерттеу үлкен маңызға ие. Оларды зерттеудің нәтижесінде тарихи жәдігерлерге тіл бітетіні, үлкен тарихтан сыр шертетіні мәлім. Міне, осы айтқан ойлар тұрғысынан алғанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грантының “№37.Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі “Birgemiz: Asyl мura” жалпыұлттық жобасын іске асыру” аясында «Даналық» қоғамдық қорының атқарған еңбегінің маңызы зор. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында “BIRGEMIZ: Asyl Mura” жалпыұлттық жобасы аясында республикалық деңгейде көптеген шаралар атқарды.


Жобаның аясында мәдени-тарихи ескерткіштерді кеңінен насихаттау мақсатында, медиа платформалардың тиімділігін негізге алып, тарихи ескерткіштер жайлы Деректі фильмдер әзірленіп, өңірік БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде жарияланды. Деректі фильмдер «Керуен сарай» туристік кешені, «Абылай хан резиденциясы» музейі, «Бозжыра» шатқалы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы кешендерінде түсірілді.
«Даналық» Қоғамдық қоры ақпараттық-танымдық, қоғамдық және ғылыми бағыттарда да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Соның бірі 19 сәуір күні Семей қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында «Даналық» қоғамдық қорымен Әлихан Бөкейхан Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Мәдени мұралар – халық қазынасы» Республикалық форумы. Форумға республикамыздың барлық өңірлеріндегі тарихи-өлкетану мұражайларының басшылары, әр өңірдегі мәдени ескерткіштерге қарасты бейінді ұйымдармен мәдени ескерткіштерге жауапты мекемелердің басшылары шақырылды. Жалпы 14 өңірден мұражай қызметкерлері келіп, қалған өңірлер онлайн форматта қосылды.
Форумның мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштер мен мемориалды кешендердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру мәселелерін пысықтау, тарихи мұраларды жастар арасында насихаттау, ескерткіштерді сақтау жұмыстарына ерікті жастарды тарту, азаматтық қоғам өкілдерімен сұхбат алаңын құру болды. Республикалық форум барсында мәселелер мәдени ескерткіштердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру мәселелері және оларды қорғау, танымалдандыру жұмыстарына волонтерлерді тарту бойынша жұмыстары талқыланып, арнайы қарар қабылданды. Форумның екінші күні қатысушыларды өңіріміздің мәдени ескерткіштерімен таныстыру мақсатында киелі Абай жеріне, руханият әлеміне сапармен жалғасты.
“Даналық” қоғамдық қорының ұйыдастыруымен шағын гранттар байқауы жүзеге асты. Еліміздің тарихи-мәдени орындарын насихаттауға волонтерлерді тарту мақсатында аталмыш байқаудың 30 жеңімпазы әрқайсысы 300 000 теңгеден алып, өз ойларын жүзеге асырды. Жобаға қатысушылар бастапқы кезеңде «Даналық» қоғамдық қоры ұйымдастырған бөлек вебинарларда қажетті дайындықтан өтті. Мәліметтерге сәйкес жобаға қатысуға 220 өтінім қалдырып, оның 190-ы арнайы вебинарларға қатысып дәріс алды. Еліміздің әр өңірінен қатысқан 122 жобаның 22-сі үкіметтік емес ұйымдардан, 26-сы бастамашыл топтардан, 74-і жеке тұлғалардан келген өтінімдер болды. Жоба сарапшыларының нәтижесінде олардың 30-ы жеңіске жетті. Қазіргі таңда барлық ұйымдар мен тұлғалар толық қаражатпен қамтамасыз етіліп, жобаларын іске асырды. Барлық жоба өте жақсы деңгейде өтті. Грант иегерлері жобаға волонтерлерді көбірек қамти отырып, тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығын өткелең ұрпаққа түсіндіре алды. Жоба барысында 1200 волонтерлерді қамту жоспарланған еді. Шағын гранттар байқауы нәтижесінде 2500 жуық волонтер қамтылды. Мектеп оқушыларынан бастап, жас буын, студенттер, орта буын және де күміс волонтерлер қамтылды. Жобалар күтілетін мақсаттардың барлығын 100 пайыз орындап, оң нәтиже көрсетті.
Мәдени ескерткіштерді еліміздің әр өңірі бойынша есепке алып, оларды жан-жақты зерттеу үлкен маңызға ие. Оларды зерттеудің нәтижесінде тарихи жәдігерлерге тіл бітетіні, үлкен тарихтан сыр шертетіні мәлім. Міне, осы айтқан ойлар тұрғысынан алғанда «Даналық» қоғамдық қорының дайындаған еңбегінің маңызы зор. Жоба барысында 2022 жылдан бері жарық көріп кележатқан “Asyl Mura: энциклопедиялық анықтамалығының” биыл үшінші томы шығарылуда. Мәдени ескерткіштерге арналған энциклопедияның үшінші томының атауы “Asyl mura: мәдени ескерткіштер” энциклопедиялық анықтамалығы III том. Бұл анықтамалық энциклопедияда еліміздің барлық өңіріндегі тарихи-өлкетану мұражайлары туралы және сол мұражайлардағы ерекше жәдігерлер туралы ақпараттар жинақталған. Тарихи-мәдени, оның ішінде ғасырлар қойнауынан келе жатқан әртүрлі маңызды жәдігерлерді қорғау, оларды есепке алу, зерттеу және насихаттау жұмыстары бүгінде аса маңызды. Себебі, келер ұрпаққа руханият дүниесін сіңіру ұрпақ алдында борыш һәм парыз. Ғылыми-танымдық осы энциклопедия, жұртшылықты еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерге кіретін мемориалдық нысандармен жан-жақты таныстыра отырып, олардың туган ел, өңір тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға үлес қосатынына сенеміз. Аталмыш еңбек осынысымен де құнды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button