Семей

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты рухани поэтикалық кеш өтті

Республика күніне орай қалалық мәдениет сарайында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты ерекше поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Бұл шара рухани қажеттілікті дәріптеу мақсатында өткізілді, әрі қалың жұртшылыққа шығармашылықтың жаңа бір қырымен танысуға мүмкіндік берді.

Кеш барысында Семей қаласының танымал ақындары өздерінің жүрек жарды туындыларын өнерсүйер қауымға ұсынды. Отанға деген махаббат, туған қалаға сүйіспеншілік және өмірдің әрбір сәтін бағалауға шақырған 30-ға жуық лирикалық өлең оқылды. Ақындардың шеберлігі мен терең ойлары тыңдаушыларды баурап, кештің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Сондай-ақ, мәдениет сарайының өнерпаздары ақындардың сөздеріне жазылған әдемі әндерді орындап, кештің сәнін келтірді. Музыка мен поэзияның үйлесімі тыңдаушыларды рухани жан дүниесін байытты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button