ШҚОТОПШҚО

ШҚО-да 12 мыңнан астам педагог короновирусқа қарсы вакцина алды

Шығыс Қазақстанда халықтың жаппай ерікті вакцина алулары жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, кезең-кезеңмен иммундау Қазақстанда 1 ақпаннан басталған, деп хабарлайды Semey News.

Короновирусты жұқтырудың қауіпті аймағына медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, созылмалы аурулары бар адамдар кірді. Олар бірінші болып вакцина алды.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың республикалық педагогикалық кеңесте қазақстандық білім беру жүйесі тағы бір жыл қашықтықтан оқытуды көтере алмайды және вакцинациялау – мектептердің жаңа оқу жылына ашудың жалғыз жолы деп атап өтті. Бірақ, короновирусқа қарсы екпе алу ерікті және педагогтардың бірі екпе алудан бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлемейді.
Шығыс Қазақстандық ұстаздар короновирусқа қарсы вакцинациялаудың маңыздылығын түсінеді. Жыл бойы олардың сыныпта дәстүрлі сабақ өткізуге мүмкіндіктері болған жоқ. Вакцинация туралы хабарлағанда көптеген ұстаздар алғашқылардың бірі болып екпе алды. Осылайша, бүгінгі таңда 12 мыңнан астам педагог вакцина алды. Қалалар мен аудандарға жекелей тоқталатын болсақ, облыс орталығында 1800-ден астам педагог, Семейде – 1900-ден астам, Үржар ауданында мыңға жуық, Аягөзде – 900 шамасында мұғалімдер екпе алды. Жарма, Қатонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай және Алтай аудандарында 600-ден, Зайсан ауданында 500-ден астам мұғалімдер короновирусқа қарсы екпе алды. Глубокое және Бородулиха аудандарында 450-ден жоғары, Ұлан ауданында – 440, Абайда – 420, Риддер қаласында – 350, Бесқарағай ауданында – 295 мұғалім вакцина алды. COIVD-19 Шемонаиха ауданында 250 педагог, Күршім ауданында – 210, Курчатов қаласында 90 мұғалім қорғалды.
Жалпы ШҚО-ғы 25 600 оқытушының 22 мыңы вакцианациялауға жатады.
Өскемен қаласындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп директоры Жанат Омарованың айтуынша, 1 сәуірден бастап мектеп ұжымының 50 пайызы вакцина алды. Мектеп қызметкерлерінің тағы 20 пайызы науқастануларынан кейін медициналық сынақтың аяқталуын күтуде.
– Вакцинациялау басталғаны айтылғаннан кейін біздің көптеген қызметкерлер екпе алуға дайын екендерін білдірді. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне, соның ішінде мұғалімдерге аталған шараның маңызды екенін түсінеміз. Біз оқушыларымыз мектепке оралып, дәстүрлі форматта білім алғандарын қалаймыз. Біз өзіміздің ұстаздарымыздың, балаларымыздың, жақындарымыздың денсаулықтары үшін алаңдамау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз қажет. Неғұрлым көп адам вакцина алса, сол ғұрлым қалыпты өмірге келеміз. Мектептер қаңырап тұрмауы керек – деді Жанат Мұхтарқызы.
№ 49 жалпы білім беретін мектеп директоры Айгүл Қадырова өзінің әріптесімен толықтай келіседі.
– Ахмер кентінде біздің мектептің ашылғанына бір оқу жылы болды. Оқу жылы басталғанда біз балаларды тағатсызданып тостық, дайындалдық, қуандық. Бірақта балалар бір жыл бойы үйден оқыды. Біздің мектепте 113 педагог жұмыс істейді, бүгінгі таңда біз иммундауға қосылдық. Мен және тағы 103 мұғалім вакцина алдық. Біз бұны балалар тезірек дәстүрлі оқу үдерісіне келсе екен деп жасадық, – деді Айгүл Шүленбайқызы.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button