Абай облысы

Көкпекті ауданында нан жәрмеңкесі өтті

Көкпектіде «Ас атасы – нан» атты аудандық жәрмеңке ұйымдастырылды. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округтерден 12 наубайшы, аспазшы және кондитерлер қатысты. Шараның ашылуына аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, барша қатысушылар мен тұрғындарды құттықтады.

Жәрмеңкеде тұрғындар арасынан қазылар алқасы жасақталып, ең үздік нан өнімдерін әзірлеушілерді анықтады. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Мадина Даутова, ІІ орынды Арманай Далбина, ІІІ орынды Гүлнұр Қалкенова иеленді. Сондай-ақ, тұрғындар арасында «Бауырсақ батл», «1 тілім нанды жеу» және қамыр жаю сияқты сайыстар ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button