Абай облысы

Батырдың ерлігін ұлағаттады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөлімінде бағынысты жеке құраммен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту» атты дәрісі өтті.

Аталмыш дәріс әскери бөлімнің мемлекеттік-құқықтық даярлығы сабағы барысында жеке құрамның толық қатысуымен өткізілді. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға батыр бабамыздың өмірбаяны таныстырылып, сұрапыл соғыста ерлік танытып, Рейхстагты әскери операция барысында Жеңіс туын орнату кезіндегі оқиғаларына ерекше назар аударылды.

«Ер есімі – ел есінде» демекші сұрапыл соғыста жеңіс туын көтеріп, басынан өткен қиыншылықтарға мойынсынбаған батырымыз, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың рухына бүгінгі ұрпақ иіліп бас иеміз, – деді 28738 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері ефрейтор Орынбай Әділет.

Айта кетейік, батырларымыздың мерейтойына арналған кешенді шаралар Егемен еліміздің түкпір-түкпірінде ұдайы түрде өтуде.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметті

 

Осы айдарда

Back to top button