Абай облысыТОП

Жұмыстар сапалы жасалуы керек

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына барған сапары аясында жоспарланған сондай-ақ құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардағы  жұмыстарды тексерді. Соның ішінде  Ең тұрғындар үшін маңызы зор денсаулық сақтау, білім беру нысандарына ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта аудандық ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс «ҚазЖобаСәулет-Консалтинг» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде жүргізілуде. Бұл жұмыстар науқастар мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Дәл осы күні Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Оған 9 ауылдық округ қатысуда. Аймақ басшысы жәрмеңкені аралап, баға тұрақтылығын қадағалауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында жаңғыртылған Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте болды. 2024 жылы «Қазақстан халқына» қоры мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи білім беру технологияларымен жабдықтауға 250 миллион теңге бөлді. Нәтижесінде 22 мамандандырылған оқу кабинеттері, шеберханалар, STEM зертханасы, көркемсурет студиясы, телестудия және оқушыларға арналған коворкинг аймағы бар заманауи кітапхана ашылды.

Аймақ басшысы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен «Жүзағаш» көпірін арнайы барып көрді. Қазір Тассай ауылына барар жолдағы көпірді салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді. Осы жұмыс жақын арада аяқталады.

Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкімі Әділет Қожанбаевқа барлық жобаларды мерзімінде аяқтап, жұмыстың сапасын бақылауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button