Абай облысыТОП

Жарма ауданында тұрғындарға баспана кілті табыс етілді

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қалбатау және Жаңаөзен ауылдарында баспана кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қалбатау ауылында отбасыларға екі пәтерлі 5 үй, ал Жаңаөзен ауылында екі пәтерлі 2 үй берілді.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Сәтпеков тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтады. Мерекелік көңілді күйді аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерімен жалғастырды.

Шараның маңызды бөлігінің бірі ағаш отырғызу болды. Жаңа үйлердің ауласына 75 түп алма ағашының көшеті отырғызылды: Қалбатау ауылында 50 түп және Жаңаөзен ауылында 25 түп. Мерекелік шараға 150-ге жуық адам қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button