Абай облысыТОП

Абай облысындағы нарық динамикасы және Департамент шаралары

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындыларын сәйкес тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай күйіне 13 талдау жүргізілген. Бұл туралыБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Динара Мұқаева баяндады.

– Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай күйін талдаудың мақсаты: бәсекелестік деңгейін, үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу, монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу болып табылады. Департамент азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысында қарау үшін Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының атына материалдар жолдады. Бұдан басқа, Бородулиха ауданының шекараларында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму талдауының қорытындысы бойынша Департамент “Жданов” ЖК және “ТрансЭкоСервис”ЖШС атына монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама шығарды, – деп атап өтті Динара Мұқаева.

2024 жылдың 9 айында Департаментпен 5 хабарлама шығарылған. Оның ішінде: 3 хабарлама мемлекеттiк және мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi туралы болса; 2 хабарлама үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша.

– Қазіргі таңда шығарылған хабарламаның біріншісі Абай облысының бақылау басқармасына қатысты (ГАСК, еңбек инспекциясы): бұзушылықтар құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды көрсетпей, пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялауға қатысты болса, екіншісі Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қатысты орын алды, – дейді спикер.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 2 жаңа тергеп-тексеру тағайындалса, өткен жылы басталған 2 тергеп-тексеру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда “Семей Мұрат сенім” қоғамдық бірлестігіне қатысты — объектінің жойылуына байланысты тергеу жұмысы біткен.

– Қазіргі уақытта Департамент 2 тергеп-тексеру жүргізуде. Олар “Қазақстан темір жолы” АҚ “Магистральдық желінің Семей бөлімшесі” филиалына қатысты бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша және “Гидромонтаж” ЖШС-не қатысты мемлекеттік сатып алуларда картельдік сөз байласу қатысты. Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 6 ұйғарым шығарды, ұйғарымдарды орындау шеңберінде субъектілердің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілді. Бүгінгі күні 5 нұсқама орындалды, тағы бір нұсқаманың орындалу мерзімі келген жоқ, – деп қорытындылады Динара Мұқаева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button