23 қыркүйек күні Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Бозтаев көшесімен Селевин көшесіне қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды қағып кетті. Қыз оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.