Абай облысыТОП

Жылу нысандары тексерілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қаладағы негізгі жылумен қамтушы нысандарды аралап, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді.

Атап айтқанда, «35 квартал», «Ветеринария институты», «РК-3», «ЖЭО-1», сондай-ақ «№5 мектеп-интернат» қазандықтарында болып, жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

Жүргізілген жұмыстардың сапасына және нысандарды қысқы жылу маусымына дайындау мерзіміне ерекше назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары қыс мезгілінде тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау қажеттігін баса айтты.

Мердігерлерге жұмыстарды дер кезінде, әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button