Абай облысыТОП

Облыстағы жылу желілері жөнделуде

Абай облысындағы жылу желілерінің ұзындығы – 401 км құрайды. Қазіргі таңда шарттар бойынша өңірдегі жылу желілеріне жалпы сомасы 18,5 млрд. теңгеге 28 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Абай облысының энергетика және тұрғын үй – шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Әділбеков атап өтті.

– Облыстағы жылу желілерінің тозуы-64,2% көрсеткішті құрап отыр. Қаржыландыруға сәйкес 29 км жылу желілері мен 17 жылу көздеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда, – дейді спикер.

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің дайындығы:
Денсаулық сақтау нысандары 99% дайын (242-ден 240);
Білім беру нысандары 99% – ға дайын (422-ден 417);
Әлеуметтік қорғау объектілері 100% дайын,- деді спикер.

– Бүгінгі таңда 1575 көпқабатты тұрғын үйдің 1454-і немесе 92%-ы жылыту маусымына дайындалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, есептеу құралын орнату қажеттілігін атап өткім келеді. Салыстыру үшін есептеу құралы жоқ 1 бөлмелі пәтер жылыту кезеңінде 40 154 тг төлейді. Ал, дәл сондай 1 бөлмелі есептеу құралы бар пәтер жылу энергиясы үшін жылыту кезеңінде 18 944 тг төлейді, – деп атап өтті Алтынбек Әділбеков.

Облыс бойынша көмірді өткізуді 27 өңірлік оператор жүзеге асырады, 9 теміржол тұйығы бар. Қазір өңір тұйықтарында көмір 13,7 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде Семей қаласында – 7 065 тонна, Аягөз ауданы – 3 900 тонна, Бородулиха ауданы – 280 тонна, Жарма ауданы – 2 500 тонна.

– Дәл қазіргі уақытта облыстың жылу көздері үшін 68 мың тонна көмір жеткізілді, Семей қаласы мен Бородулиха ауданының жылу көздері көмірдің нормативтік қорымен қамтамасыз етілді. Қалған аудандардың жылу көздеріне (Аягөз ауданы, Абай, Үржар, Жарма аудандары және Курчатов қалалары) жеткізу шарттар мен кестелерге сәйкес қыркүйектің екінші жартысында басталады, – деп қорытындылады басқарма басшысының орынбасары.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button