Абай облысыТОП

Абай облысы әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы талқыланды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы талқыланды.

2024 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі шамамен 99% (3 млн аса) қызметті құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары (98%).

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына және бекітілген жоспарларға сәйкес, 37 мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар өткізілді, оның ішінде  17 жергілікті атқарушы орган, 20 ведомстволық бағынысты ұйым тексерілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 119 ұсыныс әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті тапсырмалар берді. Қала мен аудан әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы тапсырмалардың орындалуын күнделікті бақылауға алу тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button