СемейТОП

Семей қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Семей қаласының әкімдігі «Турист» қонақүйінің жанында жергілікті өндірушілердің ауылшаруашылық өнімдерінің күзгі қалалық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде тұтынушыларға ет, сүт, шұжық, бакалея өнімдері, жұмыртқа және бал, сондай-ақ қолжетімді бағамен — нарықтық бағадан 10-15% төмен — үлкен көлемде жемістер мен көкөністер ұсынылды. Іс-шараға қала әкімі Нурбол Нурсагатов қатысты.

Жәрмеңкеде «Калиханұлы» ш/қ, Масаева ЖК, “SEMEI QUS” ЖШС, “Біздің бал” ЖК, “Медовик” ЖК, “СПК Семей” тұрақтандыру қорының өнімдері, “Хан” ш/қ, “Лаура” ш/қ, Бобоев ЖК, “Е. Тергеубеков” және басқа да жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button