ОқиғаТОПШҚО

Риддерде карьерге түсіп кеткен қарт адам құтқарылды

Риддер қаласының құтқарушылары карьерге түсіп кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 82 жастағы Риддер қаласының тұрғыны шөп жинап жүріп карьерге түсіп кеткен. Ол өздігімен шыға алмаған. Сабырлық сақтап, бірден ұлына қоңырау шалған, ұлы өз кезегінде құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар қартты қауіпсіз тегіс жерге алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері қарады, медициналық көмекті қажет етпеді.

Фото: ШҚО ТЖД

Semey News

Осы айдарда

Back to top button