Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Жоспар орындалады – Абай облысында агроөнеркәсіп кешенінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылды

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару жоспары 489 миллион теңгеден асады. Бұл көрсеткішке облыста егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін екінші жартыжылдықта қол жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ жыл соңында саланың нақты көлем индексі 105 пайызды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев мәлімдеді.

– 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 98 774,4 миллион теңгеге жетті. Бұл өсім мал шаруашылығы өнімдерінің 8,3%-ға артуы есебінен болып отыр. Тірі салмақта ет өндіру 3,0 пайызға өсіп, 57,5 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 3,3 пайызға өсіп, 136,9 мың тоннаны құрады, – деп атап өтті спикер.

Бұл ретте бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісінің көлемі 7,1%-ға, өсімдік майы 11,9%-ға, ашытылған сүт өнімдері 2,3%-ға артты.

– Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға 13,4 млрд теңге, азық-түлік тауарларына 455,2 млн теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешен үшін жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар стратегиялық шараларды жүзеге асыруда, – деп қорытындылады Ертай Қуанбаев.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button