Абай облысыТОП

Абайда аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде

Абайда аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде

Абай ауданында Қарауыл-Архат жолының 10 шақырымдық бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде 3 шақырымға асфальт төселді.

Жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланса, келесі жылы жоспар бойынша осы жол учаскесінің тағы 10 шақырымы жөнделеді.

Тоқтамыс ауылдық округіндегі 10 шақырым кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары басталып кетті.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл ауданда үш ауылдық округтің 3,73 шақырым жолы жөнделді. Атап айтқанда, Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесінің 0,7 шақырымы, Көкбай ауылындағы Мырза батыр көшесінің 0,58 шақырымы, Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесінің 1,7 шақырымы және Мамай көшесінің 0,75 шақырымы жаңартылды.

Осы айдарда

Back to top button