СемейТОП

Нұрбол Нұрсағатов жылу маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

Семейде 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты, бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен көшпелі кеңес өтті, онда алдағы жылу маусымына дайындықтың аса өзекті және маңызды мәселелері талқыланды.

Көшпелі кеңеске Абай облысынык энергетика басқармасының маманы, жауапты бөлімдер мен мекемелердің басшылары, мердігерлер қатысты.

Нұрбол Нұрсағатов бірінші кезекте қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан РК- 3, ЦТП -1, ЦТП-518, ЦТП-15/1 қазандықтарына барды. Сонымен қатар, қала әкімі бастаған жұмыс тобы жылу желілерін ауыстырып жатқан кваталішілік аумақтарды аралады.

Кеңесті қорытындылай келе, қала басшысы мердігерлерге жұмыстарды сапалы орындауды және оларды белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button