СемейТОП

Семей қаласындағы жаңа білім беру нысаны: Нұрбол Нұрсағатов жұмыстардың барысын тексерді

Семей қаласында “Заря” шағын ауданында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыстардың соңғы косметикалық әрлеу кезеңін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тексерді. Сондай-ақ, қала басшысы аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстарын бақылауға алды.
Көшпелі кеңеске мердігерлер мен бөлім басшылары қатысты.

Айта кетейік, 2023 жылдың жазында “Заря” ауданында Тарбағатай, Молдағалиев, Лермонтов көшелеріндегі ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта осы орында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын, бұл “Новостройка” және “Океан” аудандарындағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.Ғимарат «KAZ Minerals» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында салынды. Мектеп заманауи стандарттарға сай салынған, балалардың оқу орнында ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сондай-ақ, мектеп ауласында оқушыларға арналған спорттық алаңдар мен воркаут алаңдарын жайластыру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала аумағында үш мектептің құрылысы жүргізілуде: Водный шағын ауданында 600 орындық, Қарағайлы және Заря аудандарында 1200 орындық мектеп.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button