СемейТОП

Абай облысының жедел медициналық жәрдем бригадасы үздіктер қатарынан көрінді

2024 жылдың 9-10 тамыз аралығында Петропавл қаласында жыл сайынғы «Жедел медициналық жәрдем бригадаларының Спартакиадасы» өтті. Спартакиадаға еліміздің әр өңірінен командалар қатысты.

2 күндік жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының жедел медициналық жәрдем бригадасы өткен жылғы жеңісін қайталап, кезекті мәрте бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл спартакиада жыл сайын өткізіледі. Мақсаты – жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын жетілдіру және Қазақстанның шұғыл медицинасына халықаралық стандарттарды енгізу.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button