СемейТОП

Хиросима қаласы мен Семей қаласы арасында алмасу және ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жапония елшілігінде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесті.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлер бейбітшілік үшін»ұйымының президенті Казуми Мацуи арасында өткен кездесуде осы Келісімге қол қойылды. Ол бейбітшілікті ілгерілету саласында, оның ішінде ядролық қаруды жою және әлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған «Мэрлер бейбітшілік үшін»шаралары, сондай-ақ медицина, ғылым және жастар алмасу салаларында алмасу және ынтымақтастықты қарастырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button