Абай облысыТОП

Мақаншы ауданында жолдар жөнделуде

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақаншы ауданының орталығы Мақаншы ауылында биыл ұзындығы 7 шақырымды құрайтын 4 көше асфальтталатын болады.
Мердігер Тәтиев, Талмурзин көшелеріндегі жұмыстарды аяқтауда. Ал Жамбыл, Найманбай көшелерінде асфальттау жұмысы жалғасатын болады.

Қаржы қарастырылған жоспарлы жұмыстардан бөлек мердігер компания есебінен негізгі орталық көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр.

«Мақаншы» коммуналдық мекемесі мен демеушілер көмегімен ауыл ішіндегі өзге де көшелер мен Мақаншы-Көктал бағытындағы жол (грейдерлеу) тегістелуде. Жөндеу жұмыстары аудан басшылығының, қоғам өкілдерінің жіті бақылауында.

Былтыр аудан орталығында 10 шақырымды құрайтын 7 көшеге асфальт төселіп, 10 көше жарықтандырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button