Абай облысыТОП

Абай облысында республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды

2024 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында Абай облысында республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындалуға материалдық қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес жекелеген санаттағы балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету үшін қаражат көзделген. Ата-аналарға балаларды оқу жылына дайындау үшін қаражат аударылады.

Акцияны ұйымдастыру және өткізу үшін қайырымдылық акциялары және мектеп жәрмеңкелері, сондай-ақ мектеп тауарларының бағасын бақылаумен айналысатын ведомствоаралық комиссия құрылды. Білім басқармасы мен білім беру мекемелерінде ата-аналарды қолдау үшін Сенім телефондары мен Call-орталықтар жұмыс істейді.

Мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік осал отбасыларының 22 641 баласына жалпыға бірдей білім беру қорынан 995,840 млн теңге бөлінді. Бұл қаражаттан әр балаға 43 407 теңге мөлшерінде ата-ана шоттарына аударылады.

Ата-аналар және әлеуметтік педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың тізімі жасалып, отбасылардың әлеуметтік санатын растайтын құжаттар жинақталды.

«Arzan-mix-Semey» кеңсе тауарлары дүкені 1 тамыз күні Семей қаласының 100 оқушысына кеңсе керек-жарақтары бар мектеп сөмкелерін табыс етті. 2 және 3 тамызда мектеп жәрмеңкелері өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button