Абай облысыТОП
«Жасыл ел» жасағы Аягөз өзенін тазартты
Аягөз ауданында «Таза Қазақстан» эко-акциясы өтті. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары Аягөз өзенінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. «Тазалық – денсаулық бастауы» ұранымен жас белсенділер өзен жағасын абаттандырумен айналысты.
Акцияға қатысушылар демалушылар қалдырған қоқыс пен сынған ағаш қалдықтарын жинады. 40-тан астам «Жасыл ел» сарбазы қатысқан іс-шарада 1 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы тазалық пен тәртіпті сақтауға ықпал етіп қана қоймай, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеп, экология мәселелеріне қоғамның назарын аудартады.