Өрттердің шегі болмайды. Сондықтан өртке бірлесіп қарсы тұру үшін бірлескен әрекет жасауға көңіл бөлу қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдің алдында шартты түрде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ Морозов филиалының Полянский орманшылығының аумағындағы орман өртін сөндіру мақсаты тұрды.
Оқу-жаттығуына қатысқан, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың айтуынша, «Осындай ауқымды оқу-жаттығулар ірі көлемдегі орман өртіндегі әрекетті жетілдіру үшін қажет».
Оқу-жаттығуын өткізу орны ретінде өтуі қиын, құмды орман аумағы таңдалып алынды. Бұл жерде өртке қауіпті маусым жылына 204 күн.
Шартты түрде найзағайдың түсуі өрттің шығуына себеп болды. Жоғары өрттің таралу қаупі төнді. Жел 12,5 м/с күшейіп, Ерназар ауылына, сондай-ақ іргелес орналасқан Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Степно-Михайловский орманшылығына жақын жерде орналасқан орман алқабына таралды. Аталған тұрғылықты мекендердің тұрғындары эвакуацияланды, зардап шеккендерге ШҚО медициналық апат орталығының дәрігерлерімен көмек көрсетілді.
Шартты түрдегі өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының құтқарушыларынан, авиациялық орманды қорғау, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мамандарынан, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан, 68303 әскери бөлімінен 55 адам және 164 бірліктегі техника жұмылдырылды. Өртпен жедел күресу мақсатында ШҚО ТЖД облыстық әкімдіктің су себетін қондырғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Отпен көп сағаттық күресу, екі ел құтқарушыларының күш-жігері арқасында 280 га алаңдағы өрт сөндірілді және өрттің таралуына жол берілмеді. Шығыс Қазақстанда өртпен күресуде жауынгерлік қимылдар жүргізілген жатқан уақытта, Ресей тарапы өртті сөндіру процесін онлайн режімде бақылап, өздерінің әрекеттеріне үйлестіру жүргізді.
«Жаттығудың барлық шарттары шынайылыққа тән болды. Шекара маңында бірлескен жаттығулар өткізу Қазақстан және Ресей орман шаруашылығының, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің табиғи өртке екіжақты дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Трансшекаралық өрттің ауыздықталуы екі елдің іс-қимылдарының үйлесімділік деңгейін көрсетеді. Төтенше жағдайларда мемлекеттік шекарадан өту сұрақтары келісілген, бұл қауіпті жедел жоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ресей ТЖМ Алтай өлкесі бойынша 9 өрт сөндіру-құтқару жасағының бастығы Юрий Волков.
«Күш-құралдарды күшейту жағдайға сәйкес және күшті және қондырғыларды тарту жоспарына сәйкес жүргізілді. Осындай ауқымды жаттығуларды өткізу азаматтық қорғаныс және құтқару, авиациялық орман қорғанысы жеке құрамына, орманшыларға тұрғындарға қауіп төндіретін орманды және далалық өртті сөндірудегі өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нүрпеисов.
Semey News