Абай облысыТОП
Аягөзде саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Аягөз қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ойын алаңдары жөндеуден өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта үш ойын алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Көпжартас-Құрылыс» ЖШС.
Сонымен қатар, Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» саябағында баскетбол, волейбол және ойын алаңдарының құрылысы басталды. Бұл жұмыстарды мердігер «Гранд-Инд Құрылыс» ЖШС атқаруда.
Шаһардағы саябақтарда абаттандырылды. Соның ішінде 67 мың дана гүл отырғызылып, субұрқақтар іске қосылып, жасыл желектерді автоматты суару құрылғылары орнатылды.
Semeynews.kz