![](https://semeynews.kz/wp-content/uploads/2024/07/29a1dfe5-7398-434b-8ec9-0ec99cddaaf4-780x470.webp)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-07-02/27d97218-0caa-4524-a26b-c3ea152cd23b.jpeg)
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-07-02/c7731cfb-8b22-4ca3-a77b-c0fdf57013f7.jpeg)
Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-07-02/a897a9a7-2480-49ca-b38d-ee1a95244540.jpeg)
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-07-02/815bbedb-2626-43fe-8328-c5c3456d320d.jpeg)
Бұған дейін хабарланғанындай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісі талдап көрді.